«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың қаржы операторы. Компания Елбасының бастамаларын қолдап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға қол жеткізуіне айрықша ықпал жасап келеді. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы 2001 жылдан бастап жемісті жұмыс атқаруда. Біздің компания 2016 жылдың көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдауда. Қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі – 14 пайыз, қосымша кепілмен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, жеңілдікті кезең мерзімі – бір жыл. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшеріне орай субсидиялаудың кезекті кезеңінің іске қосылуы күтілуде. Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналым капиталдарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшері жылына 7 пайызға дейін төмендетуге жатады. Ал мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі салаларындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға арналған шарттар бойынша 10 пайыз мөлшерінде мемлекет тарапынан субсидияланатын болады (қарыз алушының кемінде 50 бас малының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер телімдерінің бар болуы туралы растама құжаты болған жағдайда). Өткен жылы көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізуге дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы 771 миллион теңгеге 160 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған. Техникаға қол жеткізген шаруалар облысымыздың барлық аудандарын қамтиды. «Кеңінен таралған» техника ішінде тракторлар және тұқым сепкіштермен қатар, тырма, КУН, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты ауыл шаруашылығы техникасы да бар. Көктемгі егіс-дала жұмыстары үшін егінші-диқандар сатып алатын техниканың көпшілік бөлігі отандық өндірістің, атап айтқанда, ең кеңінен таралған үлгілердің бірі – Семей автоқұрастыру зауытында шығарылған «Беларусь» тракторлары екенін айта кеткен жөн. Техникаға арналған аспалы жабдық АҚШ-тан ғана емес, сондай-ақ Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және басқа елдерден сатып алынады. 2001 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 6,6 миллиард теңге инвестициялады. Сондай-ақ жалпы сомасы 4,8 миллиард теңгеге 5 317 бірліктен аса техника мен жабдық сатып алды. 2014-2015 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы 320 бас мүйізді ірі қара малына арналған репродуктор, 1 гектар жылыжай кешенін, 375,9 гектар тамшылатып суару жүйесін, 74,2 гектар интенсивті бағын, 631,55 гектар жаңбырлатып суару жүйесін қаржыландырды. Бұлар – ірі инвестициялық жобалар қатарына жатады. Тек 2015 жылдың көлемінде 11 инвестициялық жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны 658,6 миллион теңгені құрады. Ал биыл 822 гектарға жаңбырлатып суару жүйесін, 91 гектарға тамшылатып суару жүйелерін, 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларын салу, 400 басқа арналған асыл тұқымды мүйізді ірі қара репродукторлары, 522 гектарға интенсивті алма бағын орналастыру бағыттарындағы жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.
Қанат Тәженов, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді