Сот залындағы солақай сөздер
Сот кезінде айыптаушы кінәліден:
– Театрға мас болып барғаныңызды мойындайсыз ба? – деп сұрайды.
Сонда айыпкер:
– Мойындаймын! Сау болсам театрға жолап нем бар.
* * *
Екі таныстың арасындағы сұрақ-жауап.
– Өткенде өте сауатты еврей мен армян бір-бірімен соттасып жатыр еді, аяғы не болды екен?
– Біткен. Прокурорға 5 жыл беріпті…
* * *
Сот төрағасы сотталушыдан:
– Сонымен, бұл өзі қалай болып еді? – деп сұрайды.
– Мәселен, былай. Мен қолымдағы пышақпен апельсин аршып отырдым. Сол кезде мына ақымақ келіп қалды да, апельсиннің қабығына тайып жығылып, тұп-тура пышаққа ұрынды.
Сот төрағасы:
– Тура осылай үш рет қайталанды ма?
* * *
– Сіз менің сотқа берген шағымыммен танысып, істі қолға алсаңыз қайтеді? Әйеліммен ажырасуым керек, ол көзіме шөп салып жүр, – дейді адвокатқа.
– Бұлтартпас дәлелдеріңіз бар ма?
– Болғанда қандай! Кеше кешкілік әйелім менен сәл кешігіп үйге түнделетіп оралып, бұл уақытқа дейін кейінгі тапқан жап-жас сырласы Алисаның үйінде болдым дейді антұрған! Ал сол күні түнге дейін Алисаның үйінде мен өзім болғанмын…
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




