Футбол – әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі. Мен бүгінгі «Тараз» футбол клубының 1970 жылдардан бергі, яғни бұрынғы Жамбыл қаласының «Алатау» командасы аталған кездерден бастап жанкүйерімін. Команданың жеңісіне қуанып, жеңілісіне бірге мұңайып келеміз. Соңғы жылдары «Тараз» футбол командасы екінші алтылықта қалғанына реніш білдірсек те, үмітімізді үзбейміз. Футболды жанындай жақсы көрмейтін адам некен-саяқ. Жастарды «Тараз» футбол клубының ойындарында жанкүйер ретінде көргім келеді. Стадионға делебесі қозатын жастар молынан жиналып, сүйікті командасына жігерлі сөздермен дем берсе, намысын қамшыласа деймін. Ағымдағы маусымда жерлестеріміз жақсы көрсеткіштерімен көзге түсіп, алғашқы алтылыққа ілігеді деп ойлаймын. Сәті түсіп, жүлдегер болып жатса, Тараз төрінде отырып, еурокубоктық ойындарды көргенге не жетсін!? Біз 1977-82 жылдары студент кезімізде Алматының «Қайрат» футбол клубының ойындарына барып, жанкүйер болатынбыз. Сол кезде әйгілі ақын Әбділда Тәжібаев үнемі жанкүйер болып отыратын. Біздің өңірде де, «Тараз» футбол клубы үшін күйіп-пісетін Кәрімжан Ақбердиев, Қосай Тайұзақ, Серік Кенбаев, Сатыбалды Тайталиев, Айтбай Мамыралиев, Көпжасар Арынұлы, Ермұрат Сәрсенбаев, Нілдебай Байғонысов сынды жанкүйерлері болған, бола береді де. Облыстағы футбол десе, ішкен асын жерге қоятын барлық жанкүйерлерді «Тараз» футбол клубының ойындарына стадионға келіп, жанкүйер болуға шақырамын. Сүйікті командамызға қолдау білдірейік, өйткені қазіргі таңда «Тараз» командасында жергілікті жастар жеткілікті. Алға, «Тараз»! «Тараз» гол соқсын, біз қол соғайық.
Төле Наржанов.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді