Бала тәрбиесіне келгенде, ата-анадан бұрын тәрбиешілер мен ұстаздарға көбірек жауапкершілік артатын болып алдық. Бұл алдымен әке-шешенің, қала берді қоғамның ісі екенін естен шығарып алғандаймыз. Негізі, бала көп уақытын ата-анасының қасында өткізеді. Сондықтан, біз перзентіміздің тәрбиесіне барынша күш салуымыз қажет. Білім беру үрдісінде тәрбиеге баса көңіл бөлген жөн. Әбу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп бекер айтпаған. Бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасуына балабақшаның тигізер септігі мол. Себебі, баланың болашаққа дайындығы балабақшада қалыптасады. Ұлым Бекнұр Жүніс №8 арнайы логопедтік балабақшаның мектепалды даярлық тобында тәрбиеленуде. Аталған мекемені қаладағы ең озық мектепке дейінгі мекеменің бірі деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені, аталмыш білім мекемесі тәрбие беру ісін тазалыққа, табиғатты қорғауға баулудан бастайды. Балабақшаның кіреберіс ауласының өзі көз тартарлықтай. Көктемде хош иісті алуан гүлдер жайқалып тұрса, жаз жасыл желегімен, күз сары алтындай сары жапырағымен көрікті. Қыста ақ ұлпа қар жамылған сан түрлі мүсіндер бейне бір ертегі әлеміне жетелегендей адамға жақсы әсер қалдырады. Ғимарат іші де соңғы үлгідегі жиһаз және басқа да бұйымдармен жабдықталған. Әдіскер Шайзада Жартыбаева және өзге де логопед мамандар мен тәрбиешілер бүлдіршіндерді жан-жақты болуға баулуда. Топ логопеді Индира Әлімханова мен тәрбиешілер Назима Бүгімбаева, Оразкүл Үмбетова, тәрбиешінің көмекшісі Қализа Игілікованың ұйымдастыруымен өтетін балабақшадағы түрлі іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келемін. Балалар тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық «Қазақстан – менің ортақ үйім» атты байқауында жеңімпаз атанса, қазақ халық ертегілерінің ең үздік қойылымы фестивалінде ІІ орыннан көрініп, талантары мен талаптарын байқатты. Аталған балабақша балғындарды Отанды, табиғатты сүйіп аялауға, үлкенді құрметтеуге, өзге ұлт өкілдеріне бауырмалдықпен қарап, достықты ардақтауға, тағылымды тарих пен бабалар дәстүрін, өнерді дәріптеуге баулып жатқаны қатты қуантады. Сол үшін №8 арнайы логопедтік балабақша ұжымына ата-аналар тарапынан алғысымды білдіремін.
Жанна Жүнісова,
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді