Әлемнің ең қымбат қалалары
Жаһанның қымбат қалалар көшін Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Лондон бастап тұр. Дегенмен ең қымбат қала әлі де Сингапур болып қалуда. «Economist Intelligence Unit» басылымының 2016 жылғы дерегінше Сингапурден кейін Швейцарияның Цюрих қаласы орналасқан. Бұл зерттеу жылына 2 рет 133 қала арасында жүргізіледі. Қымбатшылық көрсеткішін анықтау үшін транспорттық және коммуналдық шығын есепке алынады. Мысалыға Сингапурде транспорттық шығын Нью-Йоркпен салыстырғанда 2,7 есе қымбат. Бірақтан Сингапурде азық-түлік бағасы көршілес Азия мемлекеттерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
Әлемнің ең қымбат 10 қаласы. 1. Сингапур, 2. Цюрих, Швейцария, 3. Гон-Конг, 4. Женева, Швейцария, 5. Париж, 6. Лондон, 7. Нью-Йорк, 8. Сеул, Оңтүстік Корея, 9. Копенгаген, Дания, 10. Лос-Анджелес.
133 қаланың төменгі жағында Азияның 6 қаласы Индияның 4 қаласы орналасқан. Ал өзіміздің Алматы қаласы 127 орынға тұрақтаған. Әлемнің ең арзан 10 қаласы. 124. Дамаск, Сирия, 125. Каракас Венесуела, 126. Нью-Дели, 127. Алматы, Қазақстан, 128. Алжир, 129. Карачи, Пәкістан, 130. Ченнай, Индия, 131. Мумбай, Индия, 132. Бангалор, Индия, 133. Лузака, Замбия.
16.03.2016 CNN
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




