«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мұнай бағасы көтерілуде

Мұнай бағасы көтерілуде
ашық дереккөз
Мұнай бағасы көтерілуде

14 ай бойы құнын жоғалтқан мұнай бағасы азда болса көтеріліп, нарық тұрақталып қалып еді қара алтынды өндірушілер қайтадан пайдаға кенелетініне үміттеніп қалды. Таяуда ғана Халықаралық Энергетикалық агенттік мұнай бағасы 30 АҚШ долларынанан жоғары көтерілмейді деп болжам жасаған болатын. Халықаралық Энергетикалық Агенттік өзінің наурыз айындағы мәлімдемесінде «мұнай бағасы тұрақтана бастады, дегенмен, біз мұнай бағасы қашан нақты тұрақтанатынын толық айта алмаймыз» дейді. Мұнай 2014 жылдың маусым айынан бастап 70 пайызға төмендегенін жалпақ жұрт жақсы біледі. Наурыз айының басында мұнай бағасының баррелі 40 АҚШ долларынан төмен түсіп өндірушелерді тығырыққа тірегенін журналистер жарыса жазғаны бар. «Lime Rock» мұнай және газ шығаратын компания директоры Гэри Шерновитц алдағы 18 айда кез-келген нәрсе болуы мүмкін дейді. 

2018 жылдың басында 2016 жылмен салыстырғанда сауда қайта қалпына келуі мүмкін. Егер сіз осы салаға инвестиция құятын болсаңыз абай болған жөн. Ешкім ертең не боларын толық болжай алмайды. Егер нарықтағы баға өзгермесе ақшаңыздың барлығы құмға сіңіп кетуі ықтимал. Ал батылдардың қатарында болсаңыз тәуекелге барып көрсеңіз болады. Мұнай инвестор­лары бұқалар және аюлар болып бөлініп отыр. Бұқалар мұнай бағасы осы жылдың екінші жарты жылдығында көтеріледі десе, ал аюлар мұнай бағасы тек 2018 жылдың екінші жарты жылдығында көтеріледі деп отыр екен – деп Гэри өзінің сұхбатында айтып өтті. Шерновитц қазір өте қиын жағдай дейді, себебі компаниялар шығын азайту үшін жұмысшыларды жұмыстан шығаруда. Қазіргі таңда АҚШ-тағы мұнай компаниялары көптеген өзгерістерге ұшырады. Аты шулы мұнай компаниялары АҚШ-та жабылуда. Осылардың салдарынан мұнай бағасы 60-65 АҚШ доллары болуы мүмкін. Baker Hughes зерттеулері бойынша 2016 жылдың 11 наурызында АҚШ-та 480 бұрғылау қондырғылары жұмыс жасап тұр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 645-ке азайған.

Bill Loveless, 16.03.2016 USA TODAY

Ұқсас жаңалықтар