Бір жолы Тұрсынбайдың танасы жоғалады. Оны іздеп жүріп көрші ауылда қорада қамаулы тұрған жерінен табады. Өз малын танып алып кетейін десе, әлгі үйдің иесі мал менікі деп таласатын көрінеді. Содан екеуі ауылдың қарияларын жинап, дауларын шештіреді. – Малдың өзіңдікі екеніне айғақ дәлелің бар ма? – деп үй иесінен сұрайды қариялар. – Жоқ, дәлелім жоқ, бірақ тана қорамда тұр. Өз малым, – дейді үй иесі. Қариялар Тұрсынбайдан да «Малыңды бұлтартпай танитын дәлелің бар ма?» деп сұрапты. Сонда Тұрсекең: – Анық дәлелім бар. Қазір мына тананы жығып, табанын көріңіздер. Алдыңғы екі табанында «Т» деген таңба бар. Ол –Тұрсынбай деген сөз. Сол таңба – менің дәлелім, – дейді. Қариялар тананы жықтырып қараса, алдыңғы екі табанында «Т» деген таңба бар екен. Мал өз иесіне, Тұрсынбайға қайтарылады. Сонда: «Жоғалып кеткен тананы Тұрсынбай табанынан табады, қариялар жарады», – деп әндеткен екен.
Есет Досалы.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




