Естімесеңіз, қаперіңізде болсын, облыста «үдемелі бақтарды» өсіру қолға алынуда. Өткен жылы 143 гектар алқапта алғаш рет осындай алма бақтары отырғызылды.
Мұндай алма плантацияларының негізгі артықшылықтары – алғашқы өнім беру мерзімінің қысқа болуында. Яғни екі-үш жылдан соң алғашқы жеміске қол жеткізуге болады. Жалпақ тілмен айтсақ, тез жеміс беретін, өсімтал алма ағаштарын отырғызу арқылы мол өнім жинау. Өңірде барлығы 3 634 гектарда жеміс-жидек дақылдары егілсе, оның 2 672,8 гектарынан өнім алынуда. «Үдемелі», яғни өсімтал бақтарды Жамбыл ауданындағы «Сады востока» ЖШС, «Шоқай-Жеміс» және «Агро KZ» шаруа қожалықтары, «Altyn alma» ауылдық тұтыну кооперативі, Меркі ауданындағы «Ақарал» өндірістік кооперативі және «Совет» шаруа қожалығы, Байзақ ауданындағы «Ниет» шаруа қожалығы өсіріп, күтіп-баптап отыр. Шаруалар бақ өсіруде алдыңғы қатарлы елдердің, соның ішінде Түркия, Польша және Қытай тәжірибелерін пайдаланады. Бұл бақтарда, негізінен, тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Барлық қажетті бау-бақша техникасы болған жағдайда, шаруашылық қызметкерлерінің еңбегі айтарлықтай жеңілдетіледі, агротехникалық шараларды жүргізуі ыңғайлы. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің көмегі де аз емес. Өсімтал алма бақтарын отырғызған кезде, инвестициялық жобаларды субсидиялау бағдарламасы бойынша, алғашқы жылы әрбір гектарына кеткен шығынның 40 пайызына дейін қайтарып берсе, 12 пайыздық үстемеақымен алынған қарыздың 7 пайызын «ҚазАгроҚаржы» АҚ төлеп береді. Ағымдағы жылы жаңадан 172 гектарда «үдемелі» алма бақтарын орнату жоспарда бар. Атап айтсақ, Қордай ауданында – 5 гектар, Меркі ауданы – 55 гектар және Жамбыл ауданы – 112 гектар. Аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарланған. Алдағы уақытта тек үдемелі бақтар ғана облыс жұртшылығының тұтыну нормаларын 85,7 пайызға қамтамасыз ететін болады. Үдемелі алма бақтарын дамыту – бұл тиімді бизнес дейді мамандар.
Маржан Рақай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді