«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ

САПА  МЕНЕДЖМЕНТІ
ашық дереккөз
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ

бұл жүйені барлық кәсіпорындар енгізуі тиіс

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу» бойынша өңірлік оқыту семинарын өткізді.

«2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын», 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешенді, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру жолдары талқыланған шараға бизнес саласы мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Семинардың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес отандық кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізудің және сертификаттаудың санын арттыруға тигізер пайдасы көп болатыны сөзсіз. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Дина Тоғанасова мен осы мекеменің Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының жетекші маманы Сәкен Бейсеев баяндама жасады. «ISO: 2014» тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері, «ISO 22000» қолдану бойынша басшылық нұсқауы, «ISO 14001-2015» экология менеджмент жүйелері және «Талаптар мен басшылық нұсқауын қолдану бойынша» тақырыптарда жасаған баяндамаларын слайд арқылы кеңінен түсіндірді. Олар ұсынған мәліметтерде отандық кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестігін арттырудың, ішкі және сыртқы нарықтағы әкімшілік кедергілерді төмендетудің, сонымен қатар, сапа менеджментін енгізген және сертификатталған мемлекеттік органдардың, ірі орта және шағын бизнестегі кәсіпорындардың санын және қолданыстағы сапа менеджментінің тиімділігін арттырудың жолдары айқындалған. – Шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлердің экологиялық менеджментті енгізуі қоршаған ортаны қорғауға үлкен көмегін тигізеді. Бұл стандартты енгізу қоршаған ортаны қорғау кепілдігін де береді, – дейді С.Бейссев. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев «061 бағдарламасы» бойынша бүгінгі өткізіліп отырған семинар бір күндік болса, «1300 бағдарламасы» бойынша сәуір айында өткізілетін осындай шара үш күнге созылатынын еске салды. Бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Семинар жұмысына қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар