Меркі ауданының кәсіпкерлері бірігіп жасалған жұмыста берекенің мол болатынын жақсы түсінеді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» заң күшіне енгенде меркілік шаруалар оны алғашқы болып қолдап, қуаттағандардың қатарынан көрінді. Республика бойынша пилоттық жоба ретінде қолға алынған 4 кооперативтің бірі осы ауданның шаруаларының күшімен құрылды. Бүгінде сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығарумен шұғылданатын «Меркі өнімдері» кооперативінің құрамына 42 шаруа қожалығы топтасқан. Биыл 1,7 мың тонна сүт өнімдерін шығаруды жоспарлап отырған кооперативтің құрылуына кәсіпкерлер палатасы үлкен белсенділік танытты. Нақтылы кезеңде Кәсіпкерлер палатасы кооператив мүшелеріне асыл тұқымды мал алу мәселесіне көмектесуде
Қырықтан астам шаруа бірігіп еңбек етіп жатқан «Меркі өнімдері» кооперативінің болашағының жарқын екендігіне көз жеткізген жергілікті шаруалар ауданда тағы да бір өнідірістік кооперативтің шаңырағын көтерді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар мен тұқым шаруашылығын дамытуды көздеп отырған кооперативтің атауы - «Майтөбе және К». Кооператив жетекшісі Сауытбек Әбіров: «Кооперативке бірігіуіміздің басты себебі – иелігіміздегі жерлерді өз деңгейінде игеру. Одан түсетін табыс көлемін арттыру. Егер өз алдымызға жеке жұмыс істейтін болсақ ондай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Шаруалардың бірінде жері болса техникасы жоқ, техникасы болса қаражаты жетіспейді. Сондықтан шаруашылығы да ақсай береді»,-дейді.
«Майтөбе және К» кооперативіне бүгінде 4 шаруа қожалық бірігіп отыр. Жалпы Жарғылық қорлары – 1000 000 теңге. Кооператив жетекшісі Сауытбек Әбіров ауыл шаруашылығы саласында үлкен тәжірибе жинақтаған азамат. Жыл басында Меркі ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына келіп кеңес алған болатын. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы мамандарының кеңесінен соң кооператив құрудың тиімділігіне көз жеткізген ол аудандағы шаруа қожалық жетекшілерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үлкен істі қолға алып, жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Аудандық кәсіпкерлер палатасының мамандары кооператив Жарғысының жобасы мен құрылтайшылық келісімшарттарын әзірлеп берді. Нақтылы кезеңде «Майтөбе және К» кооперативінің мүшелері көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық үстінде.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді