Шапағат пен Альбина республикалық айтыстан жүлделі оралды
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткен «Жыр алыбы –Жамбылым!» атты республикалық оқушылар айтысына облысымыздың екі талапкері жолдама алған болатын. Жыр әлемінің алып бәйтерегі – Жамбылдың мәңгілік тұрақ тапқан жерінде шабытта жыр төккен жамбылдық жерлесіміз Шапағат Сәбитқызы 26 жас айтыскердің арасынан жүлделі үшінші орынмен оралды. Ол бұл айтыс аламанында қызылжарлық және маңғыстаулық жас айтыскерлерден басым түсті. Ұзынағашқа үмітпен аттанған тағы бір жерлесіміз шулық Альбина Зұлбахар да шымыр шумақтарымен айтыстың шырайын кіргізді. Ол шешуші айтысқа шыққан 12 айтыскердің арасынан табылып, арнайы жүлдені еншіледі.
Іле-шала Астана қаласында «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» атты республикалық оқушылар айтысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұл айтыста да Шапағат Сәбитқызы ақтөбелік және торғайлық жас айтыскерлермен әсерге толы айтыс жасап, кесте тіккендей сұлу өлең өрнектеп, жүлделі үшінші орынды олжалады. Шәкіртінің жетістігіне Шапағаттың ұстазы Айтмұханбет Исақовтың сүбелі үлес қосқаны анық. Өткен жылғы «Жыр алыбы – Жамбылым» республикалық оқушылар айтысының бас жүлдегері Шалқар Кеңесбек те Елордада өнер көрсетті. Алайда, Шалқар бұл жолы жүлделі орыннан көріне алған жоқ. Бұл жерде бір айта кетерлік мәселе бар. Аса ауылындағы «Аса» дайындық білім беру орталығында орталық директоры Ерлан Қалымбетовтің қолдауымен жергілікті айтыскер Айтмұханбет Исақовтың айтыс сыныбы ашылған. Шапағаттың жетістігі – сол жанашырлықтың жемісі.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Көне шаһар көркейіп келеді
- Бүгін, 02:28
Өркениеттер тоғысындағы Талас: Тарих, таным, тағылым
- Бүгін, 02:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




