Футболшының үйін үптеп кетті
Италия ұлттық құрамасы мен “Милан” футбол клубының шабуылшысы Марио Балотеллидің үйі тоналып, көлігі ұрланды. Football Italia басылымының хабарлауынша, қарақшылар спортшының үйінен ақша мен бағалы заттарын, қымбат тұратын сағатын да қоса алып кеткен.
Оқиға болған кезде Балотеллидің өзі үйде болмаған. Тек, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ғана ол бауыры Энох Барвуамен үйіне оралған сәтте ғимараттың астан-кестеңі шығып жатқанын байқапты. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде футболшының Porsche маркалы көлігі табылды. Ұрылар оны жолдың бойына тастап кеткен екен. Бірақ, ұрланған өзге дүниені олар өздерімен әкеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




