Apple өнімдеріндегі «і» әрпі нені білдіреді?
Andrew Griffin, INDEPENDENT,
11.03.2016
1998 жылдан бері iMac әлемге ұсынылғалы бері кіші «і» әрпі Apple-дың құрам бөлігі болып табылады. Мүмкін, бұл – әлемдегі ең әйгілі әріптердің бірі, бірақ көбісі бұл әріптің не мағына беретінін біле бермейді. iPhone-дағы «і» әрпі телефонның ерекшелігі болып табылады. «і» әрпінің негізгі мағынасы – «internet».
Стив Джобс алғашында компьютерді әлемге ұсынғанда: «Біздің мақсатымыз әлемде нөмірі бірінші компьютер жасап шығару және «і» әрпі нөмірі бір деген мағынаны білдірсін дегіміз келді», – дейді.
Стив Джобстың айтуынша, «і» әрпі тек интернет және нөмір бір деген мағынаны білдірмейді. Әлемге алғаш ұсынған сәтте «і» әрпіне бірнеше сөз қолданған (internet, individual, instruct, inform, inspire) ғаламтор, жеке, нұсқау беру, хабарлау және шабыттандыру.
«і» әрпі біз үшін басқа да мағына береді дейді Стив Джобс. «Біз – компьютер шығаратын компаниямыз, сондықтан біз үшін бұл білім деген мағына білдіреді. Себебі көптеген тұтынушылар дербес компьютерді ғаламторға қосылып білім, ақпарат алу ретінде қолданады», – дейді ол. «і» әрпі қазіргі таңда ең танымал брендке айналған.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




