Ұшақты кешіктірген ирландықтар
John Brennan,
The Irish Independent
(Irland), 08.03.2016
25 жолаушының барлығы Ирландия азаматы. Солар Thomson Airways Dreamliner ұшағының уақтылы әуеге көтерілмеуіне тікелей себепкер болды. Гатвиктен Коста-Рикаға бағытталған ұшақ онсыз да техникалық ақаудың себебінен жоспарланған уақыттан кешікті.
Борт командирі бұзақы жолаушылармен ұшудан бас тартқаннан кейін полицияны шақыртуға тура келіпті. Ұшқыштың полицияға берген мәліметінде ирландық жолаушылар экипаж мүшелеріне дөрекі сөйлеп, өздерін дұрыс ұстамағаны айтылған.
Дүйсенбі күні 1135-те Thomson Airways Dreamliner ұшағының борт командирі полиция бөлімшесіне шақырылды. Оның айтуынша, келеңсіз оқиғадан кейін ол барлық 25 ер адамды (14 жастағы жасөспірімнен басқа) ұшақтан шығарып тастауға сұраныс жасаған.
Әуежай қауіпсіздігіне жауап беретін өкілдің айтуынша, ешқандай күш көрсету орын алмаған, әуе кемесінде және әуежайда әкімшілік құқық бұзушылық болғанын дәлелдейтін негіз жоқ.
Мән-жай қанық болған соң таңертең 915-те ұшатын Thomson Airways Dreamliner ұшағы түскі 1237-де бүкіл жолаушылармен бірге Коста-Рикаға ұшты.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




