«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облысымыз – алдыңғы орындардың бірінде

 Облысымыз – алдыңғы орындардың бірінде
ашық дереккөз
Облысымыз – алдыңғы орындардың бірінде
Қырықбаев++Асқар ҚЫРЫҚБАЕВ, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы. Мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын міндеттерді, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, басқа да алқалы басқосуларда берген тапсырмаларын орындауда облыста бірқатар жұмыстар атқарылды. Әрине, қандай да бір тірлік қаржысыз іске аспайтынын еске алсақ, қаржы саласында өткен жылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.  Былтыр облыс бюджетінің кірістері 202 миллиард 213 миллион теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл – 103,1 пайыз. Оның ішінде меншікті кірістері 45 миллиард 148,8 миллион теңгеге немесе 115,3 пайызға орындалып, бюджетке 5 миллиард 985,3 миллион теңге артық түсті. Кірістер 2014 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға, 2013 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға ұлғайып, 2015 жылы 202,2 миллиард теңгені құрады. Меншікті кірістер 2014 жылмен салыстырғанда – 19,5, 2013 жылға қарағанда 29,8 пайызға артып, былтыр 45,1 миллион теңгені құрады. Трансферттердің түсімдері бойынша республикалық бюджеттен 157 миллиард 064,2 миллион теңге, оның ішінде 95 миллиард 371,6 миллион теңге сомасында субвенция түсті. Трансферттердің түсімдері 2014 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға кеміп, 2013 жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға өскен. Облыс бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуі жоспарда 200 миллиард 545,9 миллион теңге болса, ол 200 миллиард 248,9 миллион теңгені құрап, 99,9 пайызға орындалды. Осы жетістік үшін облысымыз еліміздегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары қатарында бірінші орынға табан тіреді. 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап ауылдық округ әкімдерінің қолма-қол бақылау шоттарына облыстық және аудандық бюджеттерден жалпы сомасы 644,6 миллион теңге сомасында трансферттер аударылды. Аталған жұмыстарды атқару тұрғысында біздің облыс көш бастады. Бұл – облыстың бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі уәкілетті органдарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, 2014-2015 жылдары облыс бойынша жекешелендіруге тиіс болған 27 ұйымның 2014 жылы 11-і ішінара жекешелендіріліп, одан 66,2 миллион теңге түссе, былтыр 10 ұйым жекешелендіріліп, 24,6 миллион теңге түсті. Жалпы жекешелендіруден түскен қаржының жалпы сомасы 90,9 миллион теңгені құрады. Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытының бірін жекешелендіруге арнады. «Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» деп атап көрсетті. Елбасы міндеттеген тапсырманы орындау бойынша атқаратын іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Кестеге сәйкес, алдағы уақытта 12 ұйым жекешелендірілуі тиіс. Биыл – 3, 2017 жылы – 1, 2018 жылы – 3 және 2020 жылы 5 ұйым жекешелендіріледі. Тағы бір мемлекеттік маңызды науқан – мүлікті жария ету ісі. Бұл тұрғыда 2016 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құны 28,9 миллиард теңгені құрайтын 5659 жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш қабылданған. Оның ішінде құжаттары толық болмауына байланысты 248-і кері қайтарылса, 24,9 миллиард теңгенің 4732 жылжымайтын мүлкі жария етілді. Жария етілген мүліктердің саны бойынша Тараз қаласы мен Байзақ ауданы алда келеді. Акцияға қатысудағы Талас және Мойынқұм аудандары азаматтарының белсенділігі төмен. Жыл басындағы мәліметке қарағанда, Талас ауданында – 135, Мойынқұм ауданында бар-жоғы 28-ақ мүлік жария етілген. Елбасының тапсырмасымен рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын ескере отырып, әлі де халық арасында бір реттік акцияның маңызы мен мәнін кеңінен насихаттау шарасын жандандыру қажет.

Ұқсас жаңалықтар