Қара сөздің құдіретін түсінген
Шынын айту керек, «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйытқысымен өтетін дәстүрлі республикалық «Жырлайды жүрек» байқауы талай өнерлі жастың талабын шыңдап, шын дарындарды анықтауға мүмкіндік туғызды. Жас жеткіншектерге өнер әлемінің ән айтумен ғана шектелмейтінін ұқтырды. Көркем әдебиетке құштарлығын оятып, ақынның аманатына құрметпен қарауды үйретті. Мұқағали мұрасына адал өнерпаздың бірі – Қарақат Төлеген Қаратау қаласында тұрады. Ол – А. Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының озат оқушыларының бірі. – Байқауда үздіктер бірнеше аталым бойынша анықталатыны белгілі. Бірі Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындауда шеберліктерін байқатып жатса, екіншісі жырларын мәнерлеп оқумен дараланады. Менің шәкіртім Қарақат «Көркем сөз» номинациясын жеңіп алып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол ақынның «Досым саған сенемін» және «Арманым тіріл, көз ілген» өлеңдерін оқып, көрерменнің көзайымына айналды», – дейді Қарақаттың мұғалімі Айнұр Балықбаева.
Қарақаттың өнер әлеміне жасаған алғашқы қадамы сәтті болды. Балғын өнерпаздың бұдан да үлкен байқауларда бағы жана берсе екен деп тілейміз!
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




