Ауылда жүріп-ақ биік асуларды бағындыруға болады. Мұны Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің оқушылары тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар Алматы қаласында өткен «Асыл мұра» халықтық-дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың VIII республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауынан жүлделі оралды.
Байқаудың «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Алина Шәкір тыңдармандардың таңдайын қақтырып, бас жүлдені жеңіп алса, 6-сынып оқушысы Аяулым Жанатова І орынды иеленді. Ал байқаудың «Қолөнер» номинациясы бойынша Нұрболат Шаңбаевтың шәкірті Олжас Керімбай ІІ орынды қанжығаға байласа, «Көркемсөз» номинациясы бойынша Эльвира Момышеваның шәкірті Әлішер Зауытбеков ІІІ орынды иеленді. «Еліміздің әр қиырынан келген, түрлі музыкалық аспаптарды шебер меңгерген өнерлі оқушылардың арасынан дараланып, қазылар алқасының көңілінен шыққанымыз төккен теріміздің өтеуі деп білеміз. Алда алдымызға бұдан да биік мақсаттар қойып, оған жету жолында еңбектенетін боламыз», – дейді осы байқауға оқушыларды баптаған ұстаз Нұргелді Оспанов.
Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол»
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




