Көшпелі әдеби кеші Таразда жалғасын тапты
«Бір өлең, бір әуен» ән-жыр кеші облыстық халық шығармашылығы орталығының және республикалық «Хұснихат» әдебиетті қолдау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қалалық Мәдениет үйінде өтті. Сырлы сазбен, өрнекті өлеңмен өрілген шарада облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсен Бықыбаев пен Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы ойларын бөлісіп, жамбылдық ақындарға сәттілік тіледі.
Әдеби әлемнен сыр тартқан шараның көрермендердің көңілінен шыққаны даусыз. Күләш Ахметова, Арғынбай Бекбосын, Айша Көпжасарова, Шырын Мамасерікова, Қайырбек Асанов, Эра Орманова сынды алдыңғы толқын ақындардың шабыттана оқыған ойлы жырларына көрермен қауым риза болысты. Мәдина Көбеева, Ғайни Әлімбекқызы, Болат Бекжанов, Жанат Тұрғынбеков, Үміт Битенова да жүрекке жылы тиетін жырларын шарықтап оқып, сезімдерін ағыл-тегіл ақтарды. Сондай-ақ жас ақындар Олжас Отар, Ақтолқын Құлекеева, Хамит Есаман, Жамбыл Әмірбеков те қалыптасып келе жатқан әдебиеттің жарқын болашағы екендерін көрсетті. Ұйымдастырушылар белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, республикалық «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет пен осы жобаның авторы, республикалық «Хұснихат» әдебиетті қолдау қоғамдық қорының президенті Ғалым Қалибекұлына шапан жауып, құрмет көрсетті. Ұлықбек Есдәулет өлең оқып, лебіз білдіріп, осы кеште оқылған өлеңдердің «Жұлдыз» журналына жарияланатынын айтты.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді