«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі белсенді бағыт алуда. Партияның орталық және облыстық сайлауалды штабтарының мүшелері Қайрат Айтбай мен Болат Момышев облыс сайлаушыларымен кездесулер өткізді. Оның алғашқысы – «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-ында, екіншісі – «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-ында, үшіншісі – Cарысу ауданында, Жаңатас қаласында өтті. Үгіт-насихаттық кездесу барысында Қ.Айтбай мен Б.Момышев сайлаушыларға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды сөз етті. Онда олар сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген бизнесті қорғау, нарықтық реформалар мен табысты экономика құру, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, жұмыспен қамту жүйесі және жұмыссыздықты азайту мәселелерін шешудегі жоспарлары туралы айтып берді. Кездесу соңында партияның орталық және облыстық cайлауалды штабтарының мүшелері жұртшылық өкілдерін сайлауға қатысуға шақырды.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді