Елде тұратын белгілі жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 70 жылдық мерейтойына орай, талантты шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лаураеты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай жазушы- ұстазының әр жылдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық, халықаралық конкурстарда бәйге алған көркем шығармаларының толық жинағын «Ертегім менің, ертегім» атты кітапқа топтастырып, Алматы қаласындағы «Арна-Б» баспасынан көп данамен шығарды.
Ал, екінші шәкірті Қазақ радиосының Бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жастар одағы, Мемлекеттік «Дарын» жастар және ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген жазушы- ұстазының әр жылдары жазылып, ешқандай жинақтарда жарияланбаған повестері мен әңгімелерін, «Алпамыс батыр» драмасын қосып «Арайлы таң алауы» атпен «Асыл кітап» баспасынан шығарып берді. Жазушы П.Дүйсенбин шәкірттерінің шығарып берген осы кітаптарын облыстық мәдениет басқармасына қарасты орталық кітапханаға және Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханасына таратып бермекші. Жуырда ҚР Ұлттық кітапханасында жерлес қаламгердің «Сан қырлы суреткер» атты кітап көрмесі өткізілді. Жазушы туралы республикалық «Шалқар» радиосы жазушы шығармалары бойынша радиоинсцировкалар, «Қазақстан-Тараз» телеарнасы бірнеше рет хабарлар мен сұхбаттар берді.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Cарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




