Сәбит Мұқанов.
Жәкең радио тыңдағыш еді. Көңілін қозғайтын бір хабарды Жәкең естісе, хатшыларынан немесе маңайына көп үйірілетін мектеп оқушыларынан сол естігенін толығырақ баяндауын өтінетін. Содан кейін, естіген жаңалығы көңіліне әбден қонған соң жырлауға кірісетін. Жәкең газет оқытуды ұнататын еді және «нендей қызық жаңалығы бар?» – деп сұрар еді. Хатшыларының бірі мектеп оқушылары я сауатты колхозшылар оқып берген газеттен өзінің көңілін қозғаған жаңалықты жырға айналдырар еді. Жәкең 97 жасына дейін атқа салт мініп жүрді. 1942 жылға дейін салт атпен Алатаудың биігіндегі Құлансаз деген жайлауға да шықты. – Машинаға мініп жүрміз ғой, – деді Жәкең 1936 жылдың жазында, үйіне сәлем бере барып отырған үкімет адамдарына, – бірақ, оның тасжолға, құрғақ жолға, жазық жолға жүйрік екен. Мен өзім таудың биігін жайлап өскен кісімін. Оған шықпай көңілім көншімейді. Машина бергендеріңе Тәңір жарылқасын, енді маған жақсы ат тауып беріңдер, – өзі жорға, өзі жуан, өзі жуас ат болсын. Жәкеңе ондай ат табылды. 1936 жылдың жазында өкімет сатып әперген күрең жорғаны Жәкең тауға 1941 жылдың күзіне дейін мінді, ауыл арасына 1944 жылға дейін мініп жүрді. Бұл атты еске алып отырған себебіміз, Жәкең салт жүріп табиғаттың көрінісі мен құбылысын, колхоздың даласында жайылған малды, егінмен байланысты еңбектерді көруге құмар еді де, сезімін қозғаған көрініс пен істі жырға айналдырар еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді