«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Атыңнан айналайын,Әулиеата»

«Атыңнан айналайын,Әулиеата»
ашық дереккөз
«Атыңнан айналайын,Әулиеата»
Жамбыл есімінің облысымызға берілуін кездейсоқтық деуден гөрі заңдылық деген дұрыс сияқты Өмірбек БАЙГЕЛДИ, мемлекет және қоғам қайраткері. 3_Акын_как_символ_города1Жалпы, қазақ халқы – қасиетті халық. Оның көрінісін Жамбыл облысының ел-жұртынан анық байқауға болады. Ұлттық болмыс-бедерін жоғалтпаған қазақылығы бар әулиеаталықтардың ішкі мәдениеті жоғары, ілтипаты ерекше. Не жақсылық істесе де бақай есепсіз шынайы істейді. Біз – сол қасиетті халықтың ұрпағымыз. Осы ортада дүниеге келдік, осында өсіп жетілдік. Жоғары білім алған соң да елге оралып, ең төменгі қызметтен облыс басшысы дәрежесіне дейін көтерілдім. Құдай жар болып, әруақ қолдады, абыройсыз болғаным жоқ. Соның бәрі елімнің, жерімнің тегінен деп білемін. Ең алдымен оның Әулиеата атануы тегін болмаса керек. Жамбыл атамыздың есімі облыс пен қалаға берілгенде оның әруағынан шошып, пойыздан түсе сала тізерлеп отыра қалып, Әулиеатадан кешірім сұрауы содан. Сол киесін білгендігінен. Жарықтық дұғасын оқып: «Атыңнан айналайын, Әулиеата, атыңды мен алды деп болма қапа», – деп айтып, әруағына басын иіп барып күтіп тұрған басқа жұртқа мойын бұрған. Қызыл жолбарысы бар Жамбылдың өзі де тегін адам емес қой. Ол кісінің есімі облысымызға берілуін кездейсоқтық деуден гөрі заңдылық деген дұрыс сияқты. Өйткені, қай елде тура қазақтыкіндей суырыпсалмалық өнер сақталған? Қазақта ғана. Айтыстың қадірін қазақ білмегенде кім біледі? Ендеше, сол өнердің биік шыңына көтеріліп, жүз жасаған ақынға облыстың атын қазақ бермегенде, кім береді?! Оның үстіне, Жамбыл облыс аумағында Байғара, Жамбыл, Хан тауларының бауырында дүниеге келген. Әулиеата халқының тағы бір қасиеті – ежелден айрықша бауырмалдығы мен қонақжайлылығы. Әрлі-берлі тарихта олар біреуге жаманшылық ойлап, ешбір ағайынды ренжіткен емес. Қайта ренжіп келгендерді бітімгершілікке шақырып, бауырластырып отырған. Елімізде қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатса, солардың барлығы да Жамбыл жерінен кездеседі. Тіпті, керек болса руға, жүзге бөлу, қызметтерді өз адамдарына үлестіру деген болған емес. Талай елдің, жердің азаматтары қызмет істеп одан әрі жоғарылап, осында отбасын құрып, өсіп-өніп, біржола қалып қойған жайлары аз болған жоқ. Олар Жамбыл жерін тұрақты мекен еткенде табиғатының жайлылығынан ғана емес, адамдарының айрықша мейірімінен де осындай қадамға барғанын үнемі айтып та отырады. Ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдары өлкеге әр тараптан сан тағдырлы адамдар келді. Әулиеата жерін құтты мекен етті. Облыс 1939 жылдың 14 қазанында құрылған ғой. Тура он күннен кейін 24 қазанда мен дүниеге келіппін. Сондықтан да ит жейдені бұрын тоздырған қатарларыма Жамбыл облысының нағыз төлтумасы сендер емес, менмін деп қалжыңдайтыным да болатын. Сол туған жерімде еңбек еткен жылдары халқымның қасиетін одан әрі терең сезіндім. Сезіндім де, лайық перзенті болуға тырысып бақтым. Астана.

Ұқсас жаңалықтар