Бүгінгі қыз – ертеңгі ана осыны білген халқымыз қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз баласының көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болып өсуін қалайтыны, қыз тәрбие-сінің ерек-шелігін қалтқысыз түсінгені «Қыз қы-лығымен сүйкімді», «Қызым – үйде, қылығы – түзде», «Қызға қырық үйден тыйым» секілді мақал-мәтел-дерімізден де белгілі. «Шығыс халықтарының ішінде, жалпы мұсылман елдерінде әйел қауымын бөлекше бағалайтын, қарындасты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – қазақ». Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың қанында бар қасиет. Ал қазіргі кезде бала тәрбиесіне тек отбасындағы ғана емес, күллі қоғамдағы (теледидар, газет-журналдар, барлар мен түнгі клубтар) жағдайлар да жан-жақты әсер етуде. Мұндай тәрбиенің жағымдысы да, жағымсызы да бар. Қыз тәрбиесі қылаусыз болуы үшін отбасы ғана емес, көше, ауыл-аймағымыз, қоғамымыз тәрбиелі, мәдениетті болуға тиіс. Үлкендер кішілерге үлгі көрсеткені жөн. Қоғамдағы әдеп-инабат өлшемдерінің желісін кеңге жаюы ісінде ата-ана өздеріне қатысты талаптарды, құқықтар мен міндеттерді мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ. Осылай ұл-қыздарымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ететінімізді де ұмытпайық, ағайын!
Әтіркүл ИСАЕВА, облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Төл теңге төңірегіндегі түйткіл қандай?
- 16 қаңтар, 2025
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді