Облыс орталығының жылдан-жылға сәулеті артып, көркейіп келеді. Әсіресе, былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мерекеленуіне байланысты жаңа әлеуметтік нысандар, гүлзарлар, ескерткіштер көптеп пайдалануға берілді. Жаңа тұрғынжай алқаптарының инфрақұрылымдары жүргізілуде. Әсіресе, қаланың «Химия қалашығы» аумағында алдағы уақытта заманауи үлгідегі 300 орындық қалалық аурухана ғимараты ашылатындығы тараздықтарды ерекше қуантып отыр. Қысқасы, қала аумағы кеңи түсті. Алайда автобус бағыттары бәз-баяғы күйінше... Жаңа аурухана салынуымен байланысты жоғарыда аталған аумаққа келіп-қайтатындар саны күрт көбейетіні белгілі. Қазірдің өзінде осы «Астана» шағын ауданы бағытындағы қоғамдық жолаушылар көлігінің тым аздығы тараздықтардың, сырттан келгендердің де әрі-бері қатынауына қиындық туындатуда. Біздіңше, бұл мәселені шешу аса қиынға да соқпайды. Тек «Жансая» шағын ауданына дейін келіп, бұрылып кетіп жатқан № 30, 40, 51, 55, сондай-ақ түнгі уақытқа арналған № 3 автобус бағыттары біз айтқан аумаққа дейін ұзартылса, жеткілікті деген ойдамыз. Тиісті мекемелер тұрғындардың осы өтініш-талабына құлақ асады деп сенеміз.
Барат МЫҢБОСЫНОВ, зейнеткер.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




