Бақыттың жолы
Арманға қол созушы ек бақыт құрай, Күндерден күтуші едік шаттықты ұдай. Көңілім қанша мейір төккенменен, Жүрегім сонша жеріп жатты жылай.
Алдамшы қайтем мына өмір мәнін, Таусылды саған деген көңілді әнім. Жолдарда бірге жүріп жыр айтқанмен, Жылдардың гүл көмкермес төрін дәйім.
Күндерді көңілді өткен өнеге етем, Сезімді сағынышқа бөлеп өтем. Уақыттың барар жері бір болғанмен, Бақыттың жолы мүлдем бөлек екен...
Асхат АБЗАЛБЕКОВ.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




