«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жүзден жүйрік озар

Жүзден жүйрік озар
ашық дереккөз
Жүзден жүйрік озар

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің білімгерлері жеңіске жетті

 Шучье қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ІX республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Оған республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 350-ге жуық үміткерлер бақтарын сынады. Олардың арасында педагогикалық жоғары оқу орнын таңдаған жоғары сынып оқушылары, педагогикалық колледждердің білім алушылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының ІІ-ІV курс студенттері, магистранттар мен 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер бар. Кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыруды, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтауды мақсат еткен білім додасына Тараздағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж оқытушылары мен білімгерлері де қатысты. Білімді де білікті студенттерден құралған «Ақ кеме» тобы шынайы білім беру үрдісіндегі өзінің кәсіби педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Колледж оқытушысы Жадыра Жұмабекқызы жетекшілік ететін топ «Дарын» РҒПО-ның ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Осы топтың олимпиадалық дайындығына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Лариса Елібаева өз үлесін қосты. Педагогтар арасында өзінің білім беру үдерісіндегі кәсіби шеберлігін көрсете білген психология пәнінің оқытушысы Ұлдана Мелдебекова ІІІ дәрежелі дипломмен және «Үздік психолог» номинациясы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гүлмира Айдарбекова «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды. Олимпиадаға қатысушылар «Менің кәсіби ерекшелігім», «Менің педагогикалық жаңалығым», «ЭКСПО-2017 – технологияның көпірі» тақырыптары бойынша конкурстық жұмыстарын, қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін, оның ерекшелігін көрсете алатын, кәсіби педагогикалық әрекеттегі педагогтің жеке тұлғалылығын айқындайтын және шығармашылық қабілеттілігін жүзеге асыратын педагогикалық жобаларын, идеяларын мағыналы түрде аша білді.

Зәуре Мырзахат, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің әдіскері.

Ұқсас жаңалықтар