2009 жылы облыс прокуратурасының жанынан Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған болатын. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік басқаратын бұл қоғамдық ұйымның құрамына облысымызға белгілі азаматтар кірген. Атап айтқанда, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген, «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қауымдастығының» президенті Лариса Сафонова сынды басқа да белгілі тұлғалар бар.
Қоғамдық кеңестің отырыстарында облысымызда белең алып отырған қоғамға жағымсыз жайттар мен оның шешілу жолдары талқыланады. Мысалы, өткен жылы түрлі себептермен төлқұжатсыз қалған азаматтар мен олардың туу туралы куәлік ала алмаған балаларының мәселелері қаралып, облыс прокурорының атына ұсыныстар жолданды. Ағымдағы жылы да халыққа медициналық көмек көрсету сапасы, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің жағдайы сияқты бірқатар маңызды сұрақтарды кеңес мүшелері ортаға салды. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық кеңес қоғамдағы келеңсіздіктермен күресу жолында қызмет етуде.
Раушан Әбдрахманова, облыстық прокуратура органдарының ардагері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді