Қайнекейдің қағытпасы
Бірде жасы үлкен жазушы Қайнекей Жармағамбетов інісі сатирик Садықбек Адамбековке қаттырақ тиіссе, іні қаламгер дүрсе қоя беріпті. – Сен менімен байқап сөйлес. Мен қара қыпшақ Қобыланды батырдың тоғызыншы ұрпағымын, – депті қампия сөйлеп.
Сонда ұшқыр ойлы Қайнекей еденге тізерлеп отыра қалып, екі қолын көкке созып:
– О, тоба! Жарық дүние, неткен жалған едің? Соңғы ұрпағың Садықбек болса, қайран Қобыланды-ай... Аруағыңнан айналайын-ай, сенің де тұқымың азайын деген екен-ау, – депті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




