Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев теңгемен ашылған салымдарға девальвацияға қарай айырбас бағамы бойынша өтемақы төлеуді, Ұлттық банкке салымшыларға оны төлеудің тетігін әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» 8 ақпаннан бастап, өз тұтынушыларына өтемақы төлеу жөнінде қосымша келісімдер жүргізуде. Жалпы, банк 467 мыңнан аса тұрғын үй құрылыс жинақ шарты иелеріне, соның ішінде 1 миллион теңгеден аса қаржысы бар салымшыларға өтемақы төлейді. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы – 171,9 миллиард теңге. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлім болғанындай, қазір банктің облыстағы филиалы 15 мыңнан аса салымшыларға өтемақы төлеуді көздеп отыр екен.
Өтемақы коэффиценті осы жылдың 18 тамызындағы операциялық жағдай бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ салымы сомасының 35,5 пайызын құраған. Оның 19,2 пайызы осы жылы, 16,3 пайызы келер жылы екі траншпен берілмек. Ақшаға шаққанда – 60,9 миллиард теңге. Оның 24 миллиард теңгесі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің меншікті қаражаты болса, 36,9 миллиард теңгесі Үкімет қорынан бөлінбек. – Үкімет қаулысымен тиісті қаражат бөлінеді. Жоспар бойынша қаржы сәуір айы мен маусым аралығында бөлінеді деп күтілуде. Қаржы бөлінсе, біз де жедел салымшылардың шотына ақша аудару ісін қолға аламыз. Бірінші транш жалпы, 32,9 миллиард теңгені құрайды. Оның 20,9 миллиард теңгесі Үкіметтен бөлінсе, 12 миллиард – банктің меншікті қаражаты. Бір ескерте кетер жайт, біз салымшыға таңдау жасау мүмкіндігін беріп отырмыз. Яғни, клиент өтемақының осы алғашқы үлесін қанағат тұтып, заем алуына немесе шартты бұзуына болады. Егер олар салымын келер жылдың шілдесіне дейін сақтаса, онда оларға өтемақының толық сомасы беріледі. Өтемақы төлеу тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында банк салымшыларына тұрғын үй құрылыс жинақ шартының жалпы талаптарына қосылу жолымен жүргізіледі. Тұрғын үй құрылыс шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, еркін құбылмалы айырбас бағамы режіміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Қосымша келісім осы жылдың 8 ақпанынан бастап, 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың, өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 31 мамыр) салымшының электронды сандық қолтаңбасы арқылы жасалады,–деді баспасөз брифингінде «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин. Қосымша келісімге қол қою ақпан айының 8-інен бастап 1 маусым аралығында жүргізіледі. Бүгінге дейін 1100 салымшы ғана қосымша келісімшартына қол қойған. Банк өкілдері салымшылардың келісімге қол қоюға келгенде белсенділігінің төмен болуын бұл туралы толық құлағдар болмағандығынан дейді.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді