Желіде Қытай төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Baistars.kz.
Бейнебаяндағы әуен бойынша желі қолданушылары Пэн Лиюаньның орындауында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін таныған. Пэнь Лиюань әнді қытай тілінде орындаған. Алайда бейнебаянның қай жылы түсірілгені белгісіз.Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпиньнің жұбайы Пэн Лиюань Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардның жүлдегері. «Дәстүрлі музыка» мамандығы бойынша білім алған.Пэн Лиюань танымалдылығы шарықтап тұрған шағында халық арасында Сәлдегүл перизаты деп аталып кеткен. Сәлдегүл Қытайда құрмет тұтылатын гүл. Ол императорлардың белгісімен байланыстырылады және сұлулық пен нәзіктікті бейнелейді. Көпшіліктің айтуынша Пэнь Лиюань — дәл осындай қасиетке ие.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




