Мэлс Асанқұлов, «Мерей» шаруа қожалығының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы.
Өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы облыс әкімінің жылдық есебінің тезистерімен таныса келе, барлық салада ілгерілеушілік бар екеніне көзіміз жетті. Мәселен, былтыр облысымызда бір ғана ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 172,4 миллиард теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген егістік көлемі де 587,9 мың гектарға жетіп, алдыңғы жылғыдан 7,4 мың гектарға артқан. Мұның ішінде қордайлықтардың үлесі қомақты көрінеді. Яғни, өткен жылы біздің аудан бойынша жалпы 28 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Егістік аумағы 109 мың гектарға ұлғайған, бұл 2014 жылғыдан 7129 гектарға артық. Өткен жылы агроқұрылымдар 615,2 миллион теңгенің жүзге тарта жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алды. Тамшылатып суарылатын егістік көлеміне, астық, жүгері, қант қызылшасы тәрізді стратегиялық маңызы бар дақылдарды еккенге берілген субсидия да диқандарды ынталандыра түсті. Біздің шаруа қожалығымыз да былтыр ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 5 миллион теңге несие алып, оны өндірісті дамытуға жұмсап жатырмыз. Енді лизингке астық комбайны мен жаңа қуатты тракторлар алуға тапсырыс беріп қойдық. Облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев ауданға әр келген сайын өзге салалармен қатар, ауыл еңбеккерлерінің жағдайына жете көңіл бөліп, түйінді мәселелер болса тез шешімін табуы арқасында табыстан-табысқа жетіп келеміз. Жалпы, облыстың барлық саладағы жұмыстарына көңіліміз толады.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді