Таяуда Алматы қаласындағы спорт және туризм академиясының мәжіліс залында «Нұрлы жастар – болашаққа бастар» атты жасөспірімдердің республикалық байқауы ұйымдастырылды. Өнер аламанына №9 орта мектептің жетінші сынып оқушысы Мұхаммед Пернебек «Эстрадалық вокал», «Болашағым өзіңмен, туған ел!» аталымдары бойынша қатысты.
Байқаудың алғашқы шарты бойынша өзінің талантын таныта білген Мұхаммед жүлделі үшінші орынды иеленсе, екінші бөлімде тақырыпқа орай шығарма жазған бүлдіршін тағы да үздік үштіктен көрінді. Жасөспірімнің ару қала – Алматыда өткен өнер сайысына қатысуына өзі білім нәрімен сусындап жүрген мектептің директоры Салтанат Жанұзақова демеушілік жасапты. Осылайша мектеп басшысы «болам деген баланың бетін қақпай, белін буған». Жас өнерпазды өнер додасына баулыған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнагүл Шайхиева: «Мұхаммед бұл байқауға ерекше дайындалғанын ешбір қобалжымастан көрсете білді. Өнер майталмандары шәкіртіміздің өнеріне риза болып, баталарын беріп жатты. Сенім үдесінен шыға білген мектеп мақтанышы Мұхаммедтің алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына біз шүбә келтірмейміз. Өнерлі өреннің жолы ашық болғанын қалаймыз», – дейді. Біз де жасындай жарқырай білген бүлдіршіннің биіктерді бағындыруына тілектеспіз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




