«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кеңседе джинсы мен жемпір кию күнделікті әдетке айналды

Кеңседе джинсы мен жемпір кию күнделікті әдетке айналды
ашық дереккөз
Кеңседе джинсы мен жемпір кию күнделікті әдетке айналды

Жеңіл киім өзінің имиджін көтергісі келетін холдингтерге кері әсерін тигізуде

Зерттеуші Лаура Щербин – Нью-Йорктегі «Талан инновация» орталығының стилист маманы. 

Соңғы жылдары үлкен компаниялар жұмысшыларына емін-еркін киінуіне мімкіндік берді. «Болашақ жұмыс» жобасының авторы Джэйкоб Морганның айтуы бойынша, банкирлер мен заңгерлер смокинг киіп жүреді, ал техника әлемінде Фэйсбук негізін салушы Марк Цукерберг жеңіл киім (жемпірді) киюді әйгілі етті. Морганның айтуы бойынша, біз екі түрлі жағдайда өмір сүріп үйреніп қалдық-жұмыста және үйде. Бірақ соңғы кездері үлкен айырмашылық байқалмайды. Халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлері сымбатты киіну керек дегенді Адам ресурстарын басқару жөніндегі қоғам мүшесі Эдвард Йост құптайды. Қазіргі кезде үлкен холдингтер арнайы дизайнерлерді жалдауда. Дизайнерлер қай жерде кандай киім кию керек екендігіне кеңес беріп отырады. Киетін киімнің көп болуының өз зияны да бар. Мысалға таңғы уақытта жұмысқа не киіп баруды таңдау уақыт жоғалтуға себеп болады. Йост жұмыс істейтін орын және кездесу стиліне қарай сай киінген дұрыс дейді. Келбетіңді сұлу ұстау аудиторияны өзіңе қаратуға көмектеседі. Егер сен жазғы киім сататын дүкенде жұмыс істесең, шорты, футболка киіп жүрген дұрыс. Щербиннің айтуы бойынша, жұмысшылардың киіміне бірінші күннен бастап мән берген дұрыс, себебі бұл болашақта холдингке табыс әкеледі. Компаниялар жұмысшыларына «бұл нұсқаулықта көрсетілгендіктен жаса» деп айтудың орнына сыртқы келбеттің неге өте маңызды екенін түсіндіргені абзал. Егерде сен өз ісіңнің шебері болғың келсе, жоғарыда айтылғандай, бет- келбетіңді түзе.

Renuka Rayasam,  BBC.com, 27 қаңтар, 2016.

Ұқсас жаңалықтар