«TARAZ MALL» – ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2016
- 662

оған жеке инвесторлар 12 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсап отыр
«Taraz Mall» сауда және ойын-сауық орталығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы ең ірі ультразаманауи сауда және ойын-сауық нысаны болады. Алып кешен бұрынғы «Қарахан» киім базарының аумағында 12 миллиардтан астам теңгені құрайтын жекеменшік инвестицияға салынуда. Ол – инвестордың жеке және қарызға алған қаражаты. Сауда және ойын-сауық кешенінің 5 қабатты ғимаратының аумағы – 55,3 мың шаршы метр. Мұнда 635 көлікке есептелген жерасты және жер бетіндегі көлік тұрағы қарастырылған. Келушілер үшін сауда залдары, мұз айдыны, кинотеатрлар, бассейн, мейрамханалар, боулинг, бильярд, спорт кешені, балаларға арналған ойын алаңдары, SPA-салондар, мәжіліс залдары, қонақ үй нөмірлері ашылады. Кешенге тәулігіне 5 мыңға дейін адам келеді деп есептелген. Жаңа сауда және ойын-сауық орталығы шамамен 1 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Қазір нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жылға жоспарланған.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Елді мекендердің даму әлеуеті еселеп артып келеді
- 2 тамыз, 2025
Ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда жұмыс сапарымен жүр
- 5 тамыз, 2025
Түрксіб пен Боранды стансалары жөндеуден өтеді
- 5 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді