Басқадан биік сол бағың...
(Мұқағалиға)
Оқыдым, аға, өлеңдеріңді сақталған, Көп хабар алдым, Қайғылы, мұңлы шақтардан. Түсіндім және аяулы жанның бар сырын, Шәмілге жазған хаттардан.
Тағдырдың көріп тарам да тарам жолдарын, Қыңбадың бірақ, қырандай қанат қомдадың. Жүректе қалды, Жырларың сөнбес жасындай, Аспантау ақын, басқадан биік сол бағың.
Сынына жүрмін өмірдің мен де езілмей, Лайланбасыншы мөлдір де тұнық сезім кей. Дырдуға толы, Бейхабар қалып тірліктен, Сәби болғым келер, кейде менің де өзіңдей...
Бексұлтан Қоштаев.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- 9 желтоқсан, 2025
"30 жыл тазаланбаған": Жамбылда жер арықтарына көңіл бөлінуде
- 8 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




