Асқар ТЫНЫСБЕКОВ, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
Мемлекет басшысы Жолдауында бюджет саясатында оңтайландыру бағытындағы нақты жолдарды көрсетіп берді. «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да бұл мәселеге ерекше тоқталды. Жалпы, дүниежүзінде болып жатқан дағдарысқа байланысты мемлекеттік бюджетке салық түсімінің төмендегені байқалып отыр. Соған қарамастан, 2015 жылы облыста мемлекет бюджетінің жоспары 60,2 миллиард теңге орнына, нақты 67,8 миллиард теңгеге, яғни 112,6 пайызға орындалған. Жергілікті бюджет жоспары бойынша 39,2 миллиард теңге орнына 45,1 миллиард теңгеге орындалған. Республика бюджетіне жоспардағы 21,1 миллиард теңге орнына 22,6 миллиард теңге түскен. Елбасы алдымызға салық түсімін көбейту қажеттілігін қойды. Ол салық мөлшерін көтеру есебінен емес, қосымша түсетін салықты қарастыру есебінен көбейтілуі тиіс. Осы бағытта біздің департамент жасалған жұмыстарды саралай отырып, айрықша сұрақтар бойынша тақырыптық тексерулер қорытындысы нәтижесінде бюджетке 3900,2 миллион теңге түсім түсірді. Елбасымыздың негізгі ұстанымының бірі – Ұлттық қорды ағымдағы шығындарға пайдалануды тоқтату. Сондықтан мемлекеттік кіріс органдарының басты іс-әрекеті – салық пен кедендік түсімдерді әкімшілендіру, бюджетке түсетін қосымша салықтар бағытында жұмыс жүргізу, жоспарланған салық түсімдерін орындау. Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-ның орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар: жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент, шағын және орта бизнес, сондай-ақ аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай тетік көлеңкелі экономиканы жарыққа алып шығатын болады. Салық саласының мөлдірлігін арттыру – басты міндет. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ. Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен акцияны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданады. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Мүлік пен капиталды жария ету жалпы декларация жариялаудың басы болмақ. Сондықтан жариялаудың арқасында бүкіл тапқан табысыңыз, құнды қағаздарыңыз, ақшаларыңыз, мүліктеріңіз заңдастырылады, яғни жалпы декларациялау кезінде де, болашақта да қиыншылық туындамаудың кепілі болмақ. Одан кейін олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады. 2016 жылдың 11 қаңтарына дейін құндылығы 29003,7 миллион теңгеге бағаланған жылжымайтын мүлік туралы 5688 арыз түскен. Оның ішінде тұрғын нысандар саны – 4771, құны – 18155,2 миллион теңге, тұрғын емес – 917 нысан, құны – 10848,5 миллион теңгені құрайды. Жалпы, барлығы жариялаудан құны 24910,9 миллион теңге болатын 4732 нысан жария етілген. Соның ішінде 3963 тұрғын нысан, құны 15854,8 миллион теңге, 769 тұрғын емес нысан, құны 9056,1 миллион теңге болып анықталды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Жалпы, бұл шара салық түсімін жеке тұлғалардың тапқан табысынан ұлғайтып, көлеңкелі экономиканы қысқартады. Жоспар бойынша жеке тұлғалардан түскен салықтың есебінен мүлік пен жеке кәсіпкерліктің салық түсімі көбейеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді