Қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Арай» аула клубының ұйымдастыруымен №43 орта мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналып өзге ұлт өкілдері арасында «Поэзия тұлпары» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жасөспірім талапкерлер мұзбалақ ақынға өлең арнай отырып, поэзия әлеміне құштарлықтарын танытты. Бұл іс-шара өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білсем, үйренсем деген ынтасын білдірді. Тілі де, тілегі де бір өзге ұлт өкілдерінің ойларын өлең тілімен жеткізуі Отанға деген құрмет, мемлекеттік тілді қолдаудағы бір жетістік деуге болады. Қазылар алқасының шешімімен өзгелерден оқ бойы озық шыққан 5 сынып оқушысы Шыңғыс Мадалиев жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын Илья Антиловке бұйырса, Ангелина Зикееваға үшінші жүлде берілді. Мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. Әсерлі кешке жиналған жұрттың жүрегін ақиық ақын Мұқағалиға деген сағыныш тербеп тұрды.
Несіпкүл Еркінова, «Арай» клубының жетекшісі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




