«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Швейцариядан жеткен сыйлық

Швейцариядан жеткен сыйлық
ашық дереккөз
Швейцариядан жеткен сыйлық

«Алтын үкі» халықаралық сыйлығы №12 «тараз» колледжіне бұйырды

Швейцариядағы «ИНСАМ» бизнес және басқару жоғарғы институты бірнеше жыл қатарынан сала үздіктерін анықтау мақсатымен білім беру мекемелері жұмысына ұдайы мониторинг жүргізіп, халықаралық деңгейде шаралар өткізуімен аты әлемге танылып үлгерді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ИНСАМ-ның» таңдауы Тараз қаласындағы №12 «Тараз» колледжіне түсіп отыр. Швейцарияның Женева қаласында өткен марапаттау салтанатында колледжге халықаралық «Алтын Үкі» («Золотая Сова») сыйлығы үздік білім мекемесі ретінде табысталды. 

Мұндай мәртебеге ұжымның ізденісті еңбекпен қол жеткізгені анық. Соңғы үш-төрт жыл ішінде жаңа оқу-жатын ғимаратының пайдалануға беріліп, заманауи шеберханалармен және аудиториялармен жабдықталуы шәкірттердің теориялық білімдерін нақты тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік беріп отыр. Жуырда өткен «World skills» халықаралық мамандықтар байқауында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білімгерлері Дулат Омашев бас жүлдені, Заур Жәнібеков бірінші орын жүлдесін жеңіп алды. – Халықаралық сыйлыққа қол жеткізу – біз үшін үлкен абырой. Cаладағы үздік дәстүрлерді жалғастыруды көздейтін әлемдік деңгейдегі мұндай шарада жеңімпаз атану шетелдік оқу орындарының арасында да беделімізді асқақтата түсті. Бүгінде Елбасымыз айрықша көңіл бөліп отырған білім саласында, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру бағытында әлі де талай биіктерді бағындырамыз деген үміттеміз, – дейді колледж директоры Марат Әшімов.

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол.

Ұқсас жаңалықтар