«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жазата музейі Мойынқұмның мәдени мұрасы

Жазата  музейі Мойынқұмның мәдени мұрасы
ашық дереккөз
Жазата музейі Мойынқұмның мәдени мұрасы

6 5 42

Музей – халықтың қазынасы, тарихи мұрасы іспетті. Онда өткен күннің белгісі бар. Ата-бабамыздың аманаты сақталған, ғасырлар үнін жеткізетін ұлттың сан қилы өмір жолының куәгері сынды мұндай мәдениет нысанының бірі – Мойынқұм ауданында 1973 жылы ашылған Жазата музейі. Онда 6342 жәдігер сақталған. Музейге келушілерді алдымен, шопан атаның портрет-бейнесі қарсы алады. Оның өмір жолы туралы деректер, қос жұлдызы, әр жылдарда түскен суреттері мен ақ таяғы, «Ұрпаққа ұлағат» атты кітапшасы, мерейтойларына орай шығарылған кеуде белгілері мен жеке бұйымдары да музейдегі Жазылбек Қуанышбаевқа арналған бұрышқа қойылған. Тіпті, кезінде Еңбек Ерінің өзі туралы түсірілген қысқа метражды деректі фильм таспасын да осы жерден таба аласыз.

Негізінен Жазатаның жайлаудағы бейнесін қағазға түсірген суретші – Заңғар Медетбеков. Музейде автордың бұдан басқа тағы екі картинасы бар. Олар – қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керейдің ат үстіндегі портреттері. Сондай-ақ, табиғат бөліміндегі «Жайлаудағы той» туындысы да осы қылқалам шеберінің еңбегі. Табиғат бөлімінің ерекшелігі – ол жерге аудан аумағында кездесетін аң-құстар мен өсімдіктер және «қызыл кітапқа» енген жануарлар түрлері туралы деректердің мейлінше мол топтастырылуында. Ал, археологиялық бөліміне Мойынқұмның археологиялық картасы, көптеген тарихи ескерткіш орындарынан табылған құнды жәдігерлер қойылған. Ондағы Бірлік ауылының оңтүстігінен шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан «Төрткүл» қалашығынан табылған қыш құмы­ра­ның сынықтары, керамикалық ыдыстар – құмыра, табақ, жебе ұштары, қолшоқпар, кісе белдік музейге келушілердің назарына бірден ілігеді. Жазата музейінде жыр алыбы Жамбыл Жабаев, Биназар батыр және Қылышбай ақын жайлы деректерді де кездестіресіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлер мен Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков те ұмыт қалмаған. Боздақтарға арналған бұрыш сол бір ауыр кезеңдерден хабар береді. Бұл музейді ауданның өткен кезеңдердегі тарихынан cыр шертетін шежірелі орын десек те болады. Бізде «Құрмет» орденінің иегері, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, ұзақ жыл «Ақбақай кен байыту» комбина­тының президенті болған Төлеухан Оспанбековтің, осы ауданнан шыққан ғалымдар, ағартушы-ұстаздар, сондай-ақ, Жазылбек Қуанышбаевтың шәкірттері, «Еңбек ерлері» Ділдаш Итбасова мен Құдайберген Біртаев, Шотай Тойбағаров, Шоман Шәріпбаев және Шынжарбек Өскенбаев, Кәрім Шалабаев, Көпбай Тоқбаев, Сәмет Көшеков, Құрманәлі Дайырбеков жайлы деректер де бар. Музей – тарихи орын. Өткенді зерделеуде оның атқарар рөлі де зор. Халықтың, елдің болмысы, мәдениеті музей арқылы көрініс табады. Сондықтан, музейдегі жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, сақтау зор жауапкершілікті талап етеді.

Ләйла Қожагелдиева, Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейдің директоры.

Мойынқұм ауданы.

The courant, a newspaper out of connecticut, offers https://trymobilespy.com a similar service on their website, a place where parents can go and ask amy' what they should do about cyberbullying as it pertains to them.

Ұқсас жаңалықтар