Соңғы уақытта біз тұратын Ғани Мұратбаев атындағы көше көріктендіріле түсті. Қай-қай ауылдың да ажарын ашатын тегіс жолы, жарықтандырылуы, таза ауыз суы екені рас. Бұл мәселелер біздің де көптен бергі «бас ауруымыз» болып келген-ді. Оның оң шешілуіне Тұрғынәлі Шегірткеев есімді айтулы азаматтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Ол кісі жасы сексенге таяса да, қоғамдық жұмыстарда белсенділігінен танбай келеді. Қарияның басшыларға шығып, ықпал жасауының нәтижесінде көшемізге су құбырлары тартылды. Бұл да «мұратбаевтықтардың» талайдан бері қолы жетпей жүрген игілігі еді. Суды басқа көшелерден шелекпен, арбамен тасып әбігерге түсетінбіз. Ал қазір 45 отбасы үйді-үйлеріне тартқызып алып, құбыр суын емін-еркін пайдалануда. Жақында іске қосылған тасжол жолдың да қызығын көріп отырмыз. Бұл да Тұрғыналы қарияның еңбегі. Иә, ол кісі – жастайынан тірлікке араласып, адал еңбектің бағасын біліп өскен жан. 42 жыл темір жол саласында аянбай еңбек еткен. Білім саласының ардагері, жұбайы Роза Қасымқызы екеуі екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосты. Оған адамгершілік қасиеттері мен көршілеріне жасаған жақсылығы үшін айтар алғысымыз шексіз.
Бақтыбек РЫСЖАНОВ, Ғ.Мұратбаев көшесінің тұрғыны.
Шу қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Төл теңге төңірегіндегі түйткіл қандай?
- 16 қаңтар, 2025
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді