Облыстық «Ақ жол» газеті 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №5 санында «Сағың сынатын «сақау» аудармалар» атты мақала жариялады. Онда аудандағы бірқатар жарнамалар мен ақпараттық тақтайшалардағы орашолақ аудармалар жайында жазылған. Сын мақалада айтылған жайттар бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары зерделеу жұмысын жүргізді. Дәлірек айтсақ, орталық алаңдағы жаңа ғимаратқа қоныс аударған сақтандыру компаниясының жарнамасы Жаңа жыл қарсаңында ілінген. Қатесін мойындаған компания өкілі жарнаманы жедел түрде алып тастады. Ал аудандық орталық аурухана перзентханасының ішіндегі ілінген кестеге келер болсақ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова қызметкерлері жіберген қатені түзетіп, оны «сәлемдеме қабылдау» деп өзгертті. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес зерделеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сұлтан Омаров, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- 9 желтоқсан, 2025
"30 жыл тазаланбаған": Жамбылда жер арықтарына көңіл бөлінуде
- 8 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




