Шабыт сыры
Жүрекке шырақ жағар жыр дегенің, Көлеңке емес, күн еді іздегенім.
Білім мен иман, әдеп, шынайы жыр,
Негізі, ел-жұртыма бар берерім.
Мендегі Алла сыйы – өлең, өнер,
Бүкпесіз айтар ойым еркін келер.
Кеудемде бүршік жарған гүл сезімнен
Өмірге құштарлығым өсер, өнер.
Тіліме ұйқас келсе мың бұралып,
Кетеді Жердің жүзі сұлуланып.
Сезетін көңіл ғана бір түйсікпен,
Өзіме ыңғайлаймын бұрып алып.
Бар жақсы асыл нұрдан таралғандай,
Бар әлем махаббаттан жаралғандай.
Жан-жүйем ерекше бір күйге енеді,
Жазбауға ойға алғанды шамам қалмай.
Айша Көпжасарова.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




