Алғы күнге асыққанда арманым, Жүрегімнен орын алдың, жан ана. Жарқын атпай жасытқанда таңдарым, Өзің едің қуат берген балаңа.
Үкілеген үмітімді үрлеумен, Толқын-арман бесігінде тербеттің. Білесің ғой, өлмес өлең, жыр-кеудем, Қайтем енді, мен солай боп бойжеттім.
Қызым дедің, қызың үшін қаншама, Түстің отқа, бірақ күйдім демедің. Күнім дедің, күнің үшін жан сала, Таптың әркез уақытында керегін.
Асыл ана, шаттығымды аңсаған, Тірлігімде жаутаңдатпай ешкімге... Парызың ғой дей алмаймын мен саған, Қарызым ғой өтей алмас бес күнде.
...Білем, білем, барлық ана осындай, Тағдырының тамырлары тереңде. Сірә, олар көктен түскен тосын жай, Содан болар сыйдыра алман өлеңге.
Балнұр Дәурен, Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің оқушысы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




