Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылмалы энергия көздерінің энергетикалық теңгерімдегі үлесін ұлғайту қарастырылған. Облыста алдағы 3 жылда 200 МВт энергия өндіретін жаңартылмалы энергия көздерінің нысандарын салу жоспарлануда. Жуалы ауданында қуаттылығы 100 МВт-тық жел электр стансасы, Шу ауданында 110 МВт-тық жел электр стансасы, Т.Рысқұлов ауданында 24 МВт-тық күн электр стансасы, сонымен бірге, Меркі ауданында 18 МВт-тық су-электр стансасының жобалары жасалуда. Облыс өзге аймақтар ішінде «жасыл экономиканы» дамыту бағыты бойынша алғашқылар қатарында. Өңірде қазіргі уақытта жаңартылмалы энергия көздерінің (шағын су, күн және жел электростансалары) қуаттылығы 78 МВт-ты құрайтын 8 нысаны тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 15,1 МВт-тық төрт су-электр стансасы, 12,5 МВт-тық екі жел электр стансасы, сонымен қатар, Елбасының қатысуымен өткен жылдың 2 шілдесінде телекөпір барысында іске қосылған ірі жобаның бірі қуаттылығы 50 МВт, құны 23,2 миллиард теңге «Burnoye Solar-1» күн электр стансасы іске қосылды. Сондай-ақ, осы кешенде тағы 50 МВт энергия өндіретін күн электр стансасының жобасы жүзеге асырылады. Жоба «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, Ұлыбританияның «United GreenEnergyLimited» және «Тараз» ӘКК» Ұлттық компанияларының қатысуымен жүзеге асуда. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облысымыздың электр энергиясына сұранысының 40-50 пайызын жабуға мүмкіндік береді. Бұл жамбылдықтардың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «жасыл экономикаға» қосқан үлесі болмақ.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді