Қысқасы, биыл 3525 жұмыс орны, оның ішінде 1056-ы «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске асырылатын 12 жобаның нәтижесінде ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары есебінен шамамен 10 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналасады. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осы тұрғыда жаһандық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына жеткілікті қаражат бөлініп отырғаны тұрғындар назарына жеткізілуі керектігін де атап көрсетті. Жастар мен әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі кемітілуі, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы бойынша жұмыстарды да ширатуға назар аударды. Басқарма басшысы осы, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жүйесiн жаңартуға, масылдықты жоюға, әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбек жасындағы азаматтардың үлесiн азайтуға, оларды жұмыспен қамтудың белсендi түрлерiне тартуға және кедейлiк жағдайынан шығаруға бағытталған «Өрлеу» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы жайынан хабардар етті. Соңғы жылдары пилоттық режімде негізінен үш облыста ғана жүзеге асқан бұл бағдарлама биыл республика көлемінде толықтай енгізілетін болады. Жылыту маусымының ойдағыдай өткізілуі де халыққа әлеуметтік жағдай жасаудағы маңызды істің бірі екені анық. Осы мәселеге орай облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев хабарлама жасады. Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік және басқа да саладағы нысандар мен 1481 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жылу кестеге сәйкес берілуде. Облыстағы бюджеттік мекемелер мен тұрғындарға қажетті қатты отын толықтай жеткізіліп берілген. Моноқалаларды жылытуға қажетті отын қорын алдын ала толықтыру ісі де назарда ұсталынуда. Мазут алуға 156 миллион теңге бөлінген. Басқарма басшысы осы орайда жуықта Талас ауданы, Ақкөл ауылындағы Ы. Алтынсарин мектебінің жылыту қазандығының жарылуы оқиғасы орын алғанын, алайда зардап шеккендер болмағанын, нысанның жөнделіп жатқанын жеткізді. Осыған байланысты аталған ауданның әкімі Болат Рысмендиев, облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбековалар мән-жайды түсіндірді. Орын алған жайдың себеп-салдарлары әлі де тексерілуде екен. Жылыту маусымына дайындық кезінде жалған ақпарат беру осылай жарға да жықпақ. Бұл тұрғыда облыс әкімі «Бұл іске байланысты басқарма басшысынан бастап, жауапкершілік жүктелген азаматтардың барлығына да қатаң шаралар қолданатын боламын» деп ескертті. Кеңес барысында малдың қыстатылуы, олар үшін тікелей қоралар басына жемшөптің мол қоры жеткізіліп берілуі, ит-құсқа қарсы күрес, облыстың жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау, басқа да мәселелер бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар пысықталып, тиісті мекемелер басшыларының бұл тұрғыдағы есептері тыңдалды. Тағы бір айта кетерлік жай, жуырда қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңға сәйкес зейнетке толғандардың мемлекеттік қызметте болуы мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ғана ұзартуға мүмкіндігі бар. Дейтұрғанмен, еңбек шарттарын қайта жасасу жолымен мемлекеттік органдарда, түрлі салаларда қызметтерін бірнеше жылға дейін ұзартушылар кездесуде. Жиында облыс әкімі аппаратының жетекшісі Р.Рахманбердиев осы жөнінде хабарлама жасап, зейнетке толғандардың еңбек шарттарын ұзартпау өңіріміздегі 2196 адамның қызметпен қамтылуына, әсіресе, жастар әлеуетінің тиімді пайдаланылуына едәуір оң септігін тигізетінін атап көрсетті. Биылғы жыл да облыс жұртшылығы үшін мерекелерден кенде емес. Мешін жылындағы алғаш өткізілген басты кеңесте облыс әкімі К. Көкірекбаев өзінің орынбасарларына Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық, облысымызға аты берілген абыз ақын, жыр алыбы Жамбылдың туғанына 170 жыл толуы мерейтойларын атап өтуге дайындықты, әлемдік «ЭКСПО» көрмесі өткізілуі қарсаңында өңірдегі туризм инфрақұрылымдарын жасақтауға, облыс орталығындағы этноорталық ғимаратын салуға, басқа да мәселелерге байланысты жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді