ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекованың Бүкіләлемдік мейіргерлер күнімен құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 13 мамыр, 2014
- 5.5k
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Бүкіләлемдік мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда мейіргерлер - әлемдегі құрметті кәсіптердің бірі және саны жағынан ең көп медицина қызметкерлері. Елімізде мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарында 150 мыңнан аса мейіргер еңбек етеді.
Медициналық қызметтің тиімділігі мен сапасы негізінен мейіргерлер қызметіне байланысты.
Денсаулық – басты байлық, онсыз өмір толыққанды және бақытты болмасы анық. Сондықтан, сіздердің еңбектеріңіз әрқашан керек, игілікті және көпшілік оны мойындайды. Ұлт денсаулығын сақтау ісінде көп нәрсе біліктіліктеріңіз, жан жылуларыңыз және адам игілігі үшін қызмет етуге дайын тұратындарыңызға байланысты.
Өмірде өздеріңіз таңдаған кәсіп – ең адамгершілікті, ең игілікті және зор мәртебелі кәсіп.
Көпшіліктеріңіз үшін кәсіптеріңіз өмір салтына, қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету ісіне айналғаны анық. Науқастардың сауығып кетуінде еңбектеріңіз аса маңызды орын алады.
Байсалдық және шыдамдылық, өзгенің ауыртпашылығын бөлісу және адамдарға деген сүйіспеншілік – жұмыстарыңызды күн сайын жауапты атқаруға көмектесетін қасиеттер. Науқастардың аяқтарынан тұрып кетуі, денсаулықтарының түзеліп, көңілдерінде сенімнің пайда болуы – еңбектеріңіздің ақталғаны
Ұстамдылық және шыдамдылық – медицина кәсібінің негізі, бүкіл жүйе сол қасиеттерге иек артып тұр.
Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қоғамға аса қажет игілікті еңбектеріңіздің жануын тілеймін. Мықты денсаулық, зор бақыт тілеймін!
ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді