Суға шомылу науқаны әлі басталған жоқ. Оның үстіне күн де онша ыстық емес. Сонда да өзен, көлге және арыққа шомылатындар кездесіп отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен алған мәліметке қарағанда, биыл 7 сәуір күні сағат 15.00- де Қордай ауданы Қасық ауылының жанындағы «Георгиевка» арығына шомылып жүрген 2000 жылы дүниеге келген, кәмелетке жасы толмаған жасөспірім суға кеткен. Баланың жансыз денесін жергілікті тұрғындар кешкі cағат 20.10-да екі метр тереңдіктен алып шығыпты. Осындай қайғылы оқиға сол күні, сағат 16.15-те Талас ауданы Қаратау қаласындағы «Жартас» көлінде де орын алды. 1998 жылы дүниеге келген азамат рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға батып кетеді. Құтқару бекетінен 500 метр қашықтықтағы үш метр тереңдіктен құтқарушылар cағат 16.50-де денесін алып шығып, полицияға тапсырған. Бір күнде екі ауданда екі қайғылы оқиға орын алды. Екі отбасы қайғы жамылып қалды. Өмірдің қызығына енді-енді кенеле бастаған 14 және 16 жастағы бозбалалардың мәнді ғұмыры алда еді... Судың «тілсіз жау» екені елдің есінен шықпаса екен.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді