«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұтынушылар «Та-Мак» өнімдерін таңдайды

Тұтынушылар «Та-Мак» өнімдерін таңдайды
ашық дереккөз
Тұтынушылар «Та-Мак» өнімдерін таңдайды

«Арзу» жаймалары – отандық үздік тауар

IMG_27++96Қазақстанда жасалған және тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болған макарон өнімдерінің бірі – «Арзу» жаймалары. Тараз қаласындағы «Та-Мак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын жаймалар аз уақытта нарықтағы бәсекелестерін ығыстырып, таңдаулы өнімге айналып үлгерді. Аталмыш кәсіпорын өндіретін өнімдердің өткен жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан­­ның үздік тауары» атануы – осының дәлелі.

Нарық заңы қатал. Өндірілген өнім сапалы әрі бағасы қолжетімді болуы тиіс. Онсыз бәсекелестікке төтеп беру қиын. «Та-Мак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осындай сынақтардың бәрінен өте білді. Гүлмира Қоңқашева басқаратын серіктестік 2004 жылы макарон өнімдерін шығаратын цех ашып, сапасы импорттық өнімдерден кем түспейтін жайма әзірлеу тәсілін екі жылдың ішінде меңгеріп, кәсіпорынды іске қосады. Үшінші жылы Таразда шығарылатын жаймалар Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына кең тарала бастайды. 2008 жылы макарон өнімдерінің басқа да түрлерін шығаруды қолға алады.

Сол жылдың өзінде облыс көлемінде «Үздік азық-түлік өндірісі», республикалық «Алтын сапа» конкурсының лауреаты атанған «Та-Мак» ЖШС 2009 жылы «Халық таңдауы», 2010 жылы «Алтын көшбасшы» аталымдары бойынша жеңіске жеткен. Халықаралық ХАССП жүйесі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа стандарттары және малайзиялық «Халал» стандарты бойынша экологиялық таза өнім өндіретін серіктестік 2012 жылы Ресейде өткен азық-түлік өнімдерінің көрмесінде алтын медальді иеленеді. Кәсіпорынның өндіріске тәулігіне 10 мың тонна өнім өндіретін итальяндық автоматты құрылғыны іске қосқаны да осы жылы. 2014 жылы мәскеулік конструктор бюросымен бірлесіп, жаңа автоматты қаптама жүйесін іске қосты. Бұл қаптамалар әлемде ешбір тауар қаптамасына ұқсамайды. Соның арқасында «Арзу» тауар таңбасымен сатылатын жаймалар дүкен сөрелерінде бірден ерекшеленіп тұратын болды. «Та-Мак» серіктестігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» құйған инвестицияның арқасында өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. «Арзу» маркалы макарон өнімдері Голландия, Франция және АҚШ (Нью-Йорк) «Mueller Aussenhandel e.K.», «Monolith Süd GmbH» делдал компаниялар арқылы Германия, Ресей, Қырғыз мемлекеттері мен Өзбекстан нарығына шығарылуда. Бүгінде кәсіпорын тұтынушыларына «Ертөстік» деген тауар таңбасымен жаңа бренд ұсынуда. Мұндай қадам макарон өнімдерін шығаратын өндіріс орындары арасындағы бәсекелестікке тың серпін беретінін айтады серіктестік басшысы. Екінші жағынан жаңа жоспарлардың тууына жол ашады дейді.

Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».

Тараз.

Ұқсас жаңалықтар