Бұған дейін де талай сыннан сүрінбей өткен қазақ елінің ендігі ұстанар бағыты мен жүрер жолы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында жан-жақты көрсетілді. Президент қашанда кәсіпкерліктің кең қанат жаюуына баса назар аударып келеді. Өйткені, дәл қазіргі заманда елдің даму деңгейі мен әл-ауқатының артуы бизнес саласына тікелей байланысты. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің басты жолы – жеңілдетілген несие беру, қажетті қаражатпен қамтамасыз ету. Бүгінде отандық кәсіпкерлердің алдында тұрған қиындықтар да осы қаражаттың қолжетімсіздігінен туындайды. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін екінші деңгейлі банктерден несие алу немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген қаржы алу өте күрделі. Себебі, банктер қойған талаптарға шағын және орта бизнестің мүмкіндігі сай келе бермейді. Әсіресе, ауыл шаруаларына несие алу оңай емес. Дегенмен, бұл мәселе біздің өңірде оңтайлы шешілмекші. Облыс әкімінің қолдауымен өңірлік кәсіпкерлер палатасы шағын несие ұйымын ашпақшы. Шағын және орта бизнесті қаржыландыратын ұйым ауылдағы шаруаларға да жеңілдетілген несие береді. Бұл Елбасы айтқан жаңа инвестициялық саясаттың негіздерін жүзеге асыруға үлкен септігін тигізеді деп білемін. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын» деді. Бұл бағдарлама кәсіпкерлік саласының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Жұмысшы мамандар даярлау, кәсіптік-техникалық білімді жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін енгізу де шағын және орта бизнес субъектілерінде, ірі кәсіпорындарда, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін мамандықтар даярлау қажеттігінен туындаған. Сондықтан, Мемлекет басшысының қойып отырған бұл міндетін жүзеге асыруға біз де белсене ат салысатын боламыз. Елбасы Жолдауы болашаққа бастар жолдың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ал біздің міндет – белгіленген бағыттан ауытқымау. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру. Сондықтан да алдағы қиындықтарды еңсеруде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбектенейік.
Жолдығұл Тоғанбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді