Христиандық дін өкілдерінің «Рождество» мерекесіне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Тараз қаласындағы «Успения Божьей матери» провославтық шіркеуінде болды. Бекболат Серікбекұлы христиандық дін өкілдерін «Рождество» діни мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл мереке миллиондаған жүрекке қуаныш сыйлап келе жатқанын, христиандық наным-сенімді қабылдаушылар үшін өте маңызға ие екенін, әр халықтың діни сенімін құрметтеу түрлі ұлт өкілдері арасындағы татулықты, достықты нығайтатынын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары елімізде халықтар достығының маңыздылығын, Елбасымыздың дана саясатымен мемлекетімізді Отанына балаған жүздеген ұлт өкілдері тату әрі ынтымақты ғұмыр кешіп жатқанын тілге тиек етті.
Содан соң «Успения Божьей матери» провославтық шіркеуінің протоиерейі Георгий әкей сөз алып, жиналған жамағатты «Рождество» мерекесімен құттықтап, облыс әкімінің бірінші орынбасарына алғысын білдірді.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




